Аңыздан арылу басталды ма? Тарихшының жауабы

811
Adyrna.kz Telegram
Фото: qmonitor.kz
Фото: qmonitor.kz

Ғылыми институт директоры, тарихшы тарихи зерттеулердің жанданып, түрлі аңыздардан арылуға септігін тигізетінін мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеп.

Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры Жақсылық Сәбитовтың сөзінше, соңғы уақытта елімізде ғылымды қаржыландыру көлемі арта түскен. Нәтижесінде бірнеше жыл бойы елімізде ғылым мен тарих саласында қайта өрлеу байқалады.

Дегенмен тарихшы қазіргі уақыттағы проблема ғалымдардың бір-бірі үшін жазуында екенін айтады. Яғни, олардың ғылыми еңбектерімен қарапайым азаматтар таныс емес. Сондықтан да ғылыми зерттеулердің танымалдығын артыратын жобалар өзекті бола түскен көрінеді.

«Түптеп келгенде бізде аңыз өте көп. Олар – жеке, қандай да бір рулық аңыздар. Қазіргі уақытта мемлекет тарихымызды өзектендіруге тырысып отыр. Қазақстанның академиялық тарихын жаңадан жазу басталды. Ол білімді өзектендіріп, осы уақытқа дейінгі оқулықтармен салыстырғанда жаңа оқулықтарды барынша өзекті әрі сенімді қыла түседі», - деді Жақсылық Сәбитов.

Пікірлер