"Баспана ала алмай жүр". Премьер рұқсатсыз құрылыс жүргізген компанияға қатысты пікір білдірді

979
Adyrna.kz Telegram
Фото: novostroy.kz
Фото: novostroy.kz

Премьер-министр G-Park компаниясының бас қаладағы нысандарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Олжас Бектенов аталған компанияның рұқсатсыз құрылыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Елордада G-Park компаниясы рұқсатсыз 7 тұрғын үй салып жатыр. Оған 3,5 мыңға жуық отбасы өз қаражатын салды ғой. Астанадағы "Араби-2-Гранитный-2" тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалы деп танылған. 200-ге жуық отбасы баспана ала алмай жүр", - деді Бектенов.

Индустрия министрлігі елімізде заңсыз салынған 340-тан астам тұрғын үй кешені бар екенін айтты.

Пікірлер