Премьер-министр G-Park компаниясының бас қаладағы нысандарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Олжас Бектенов аталған компанияның рұқсатсыз құрылыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
"Елордада G-Park компаниясы рұқсатсыз 7 тұрғын үй салып жатыр. Оған 3,5 мыңға жуық отбасы өз қаражатын салды ғой. Астанадағы "Араби-2-Гранитный-2" тұрғын үй кешені 10 жыл бұрын проблемалы деп танылған. 200-ге жуық отбасы баспана ала алмай жүр", - деді Бектенов.Индустрия министрлігі елімізде заңсыз салынған 340-тан астам тұрғын үй кешені бар екенін айтты.
Related news
Free education will be paid by the war. It was said that in Russia, students going to the war study for free
