Air Astana ұшқышы есірткі шеккені үшін ұсталды

704
Adyrna.kz Telegram
Фото: Air Astana
Фото: Air Astana

Алматы әуежайында есірткіге мас болған ұшқыш ұсталды. Ақпаратты Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БАҚ-та Air Astana әуекомпаниясының екінші ұшқышы Алматы халықаралық әуежайында ішкі рейстерді жөнелту аймағында ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам есірткі пайдаланып, сақтаған.

Әуекомпанияның баспасөз қызметі растаған ақпарат бойынша, 23 сәуірде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшаққа мінген ұшқыш есірткіге мас күйде ұсталған. Полицейлер соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, ал қызметкердің өзі жұмыстан шеттетілген.

"Әуекомпания қызметкерлердің алкоголь немесе есірткі пайдалануына төзбеушілік көрсетеді, өйткені ұшу қауіпсіздігі біздің басымдығымыз болып табылады. Әуекомпанияда экипаждардың қанында алкоголь немесе есірткі заттарының болуына тұрақты негізде тестілеу жүргізіледі", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Пікірлер