Ресейдің қорғаныс министрі Қазақстанға келді

4386
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/shojgu-1-960x500.jpg?token=91e4bfa491c5d0a1b3f98df7786934a9

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Астанаға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол бүгін, 26 сәуірде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатыспақ.

Іс-шара барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің

өзекті мәселелерін, сондай-ақ ШЫҰ форматындағы қорғаныс ведомстволарының одан әрі ынтымақтастығын талқылау жоспарлануда.

Айта кетейік, ұйымға Қазақстан, Ресей, Пәкістан, Қытай, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан елдері кіреді.

Комментарии