Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Астанаға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Ол бүгін, 26 сәуірде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатыспақ.
Іс-шара барысында халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін, сондай-ақ ШЫҰ форматындағы қорғаныс ведомстволарының одан әрі ынтымақтастығын талқылау жоспарлануда.
Айта кетейік, ұйымға Қазақстан, Ресей, Пәкістан, Қытай, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан елдері кіреді.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended