Бишімбаев ісі. Прокуратура Байжановқа тағылған бір айыптаудан бас тартты

1964
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/81e5647a-b2c3-41ad-95dd-ee7ecf379e31-960x500.jpeg?token=276583d36582b216d554b9f39fbd75e9

Әйелін аса қатігезділікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыптың бір бөлігінен бас тартты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы: 432-бап "Қылмысты жасырып қалу"

және 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған болатын.

Прокурор Саяхат Нұрбековтің айтуынша, мемлекеттік айыптаушы Байжановқа тағылған 434-бап бойынша белгілі қылмыс туралы хабарламағаны туралы айыптаудан бас тартып отыр.

Комментарии