Әйелін аса қатігезділікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде мемлекеттік айыптаушы екінші сотталушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыптың бір бөлігінен бас тартты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы: 432-бап "Қылмысты жасырып қалу" және 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша қылмыс жасады деген айып тағылған болатын.
Прокурор Саяхат Нұрбековтің айтуынша, мемлекеттік айыптаушы Байжановқа тағылған 434-бап бойынша белгілі қылмыс туралы хабарламағаны туралы айыптаудан бас тартып отыр.
Related news
MARAT BAIDILDAULY: There is a big threat of sanctions against Kazakhstan, so it is better to suspend the EAEU agreement for 3-5 years.
