Алматыда  Отан қорғаушылар күні қалай тойланатыны белгілі болды 

1198
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/sheru-1.jpeg
Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 32 жыл толды. Отан қорғаушы күні қарсаңында Алматының барлық мектебінде «Ерлік сабақтары», сынып сағаттары, оқырмандар мен эсселер байқаулары және т.б. өтеді. Мерекелік іс-шаралар қаланың аудандарында төменде көрсетілген негізде  өтеді: Әуезов ауданында 3 мамыр күні сағат 10:00-де Б.Момышұлы атындағы Алматыдағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептің базасында «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» мерекелік іс-шарасы өтіп, театрландырылған қойылым көрсетіледі. Түрксіб ауданында 6 мамыр күні сағат 15:00-де ҚР Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында көркемөнер ұжымдары мен әскери бөлімдердің қатысуымен концерт өтеді. Наурызбай ауданында 6 мамыр күні Ақжар шағын ауданында Дәулеткерей көшесі 178, 2027 әскери бөлімінің аумағында сағат 10:00-де әскери қызметшілерді марапаттау және сарбаздардың ант қабылдау рәсімі өтеді. Бостандық ауданында 7 мамыр күні сағат 09:00-де Попов 1а мекенжайында «Ел ертені-бүгінгі жастары» атты салтанатты іс-шара өтеді. Іс-шара барысында әскери қызметшілерді марапатталып, қонақтар үшін саптық марш ұйымдастырылады. Алмалы ауданында 6 мамырда сағат 11:00-де №120 гимназияда «Жас сарбаз» (9-11 сыныптар арасында) әскери-спорттық ойындарының жарысы өтеді. 6 мамырда сағат 13:00-де №55 ЖББМ-де (7-9 сыныптар арасында) Сап және ән байқауы болады. Жетісу ауданында 7 мамыр күні сағат 11:00-де Райымбек даңғылы, 235 (Орталық зират) мекенжайындағы «Белгісіз сарбаздың қабірі» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады. Алатау ауданында 7 мамыр күні сағат 11:00-де аудан әкімдігі ғимаратының алдында «Ер есімі – Ел есінде» ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.
Комментарии