Ақтөбе облысында тасқында малынан айырылғандарға 215 млн теңгеден астам өтемақы төленді

1692
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/04/su-tasқyny-resejj-960x500.jpg?token=c58280e2ce48fea558da05197fa56776

Ақтөбе облысында су тасқыны салдарынан зардап шеккен мал иелеріне 215,7 млн теңге өтемақы төленді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес, Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3232 бас мал өлді. Бәрінің көзі жойылды.

"Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні 1202 бас малға 215,7 млн

теңге төленді", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, тасқын салдарын жою мақсатында құрылған арнайы комиссия әлі де жұмысты жалғастырады. Шығынды есептеумен қатар өтеу де қолға алынған.

Айта кетейік, су тасқыны кезінде қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі бар. Ол үшін өлексесі, сырғасы болуы керек әрі ауыл шаруашылығы базасында тіркелгені расталады.

Комментарии