Әзербайжанда күшті жер сілкінісі болды

1704
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-07-at-19.37.58-960x500.jpeg?token=746327fe4fab57014a9b7a4c2bcd9c1f
Әзербайжанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Зілзала туралы елдің республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеген. Сейсмологтар жергілікті уақыт бойынша жер сілкінісін сағат 17:23-те тіркеген. Ленкоран ауданындағы Талыш тауларында магнитудасы 5,5 балға жеткен жерасты дүмпулері болды. Жер сілкінісінің ошағы 18 шақырым тереңдікте орналасқаны анықталған. Жергілікті басылымның хабарламасында: "Жер сілкінісінің қуаты 6 баллды құрап, жақын жатқан аудандарда 5,3 балды көрсетті, - делінген.
Комментарии