Мектеп түлегі ҚазҰУ-дағы субұрқақта қаза тапты

12816
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 19 маусым күні Алматыда, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің алдында биылғы мектеп түлектерінің бірі субұрқаққа түсіп, қаза тапты.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға 16:00 шамасында болған. Алматы қаласындағы жалғыз ҰБТ тапсыру орталығы болып саналатын Қазақ Ұлттық университеті аумағындағы ғимараттан сынақ тапсырып шыққан түлектер субұрқақта су шашып ойнаған көрінеді. Ойын барысында баланың аяғы тайып құлаған.

Бейресми мәліметтерде, субұрқақ ішіндегі электр тоғы қатты соғып баланың жүрегі тоқтап қалғаны айтылады. Марқұмның жанындағы екі досы көмек көрсетуге тырысқан. Алайда қайтыс болған адамның денесі ауыр болғандықтан судан алып шығу оңайға соқпаған.

Оқиғадан соң шамамен 1 сағатта жедел-жәрдем мен тәртіп сақтау қызметкерлері келіп жеткен. Мәйіттің үстін жауып, тексерістен өткізген соң университет аумағынан алып кетті. Марқұмның ағасы да оқиға орнына жетіп, өз көзімен көрді.

Көз жұмған баланың университет студенті еместігі айтылды. Қайғылы оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті «Бұл факті бойынша тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп жауап берді.

Фариза Нұрболатқызы

Пікірлер