Жетісу облысында демалыс үйі өртенді

1406
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_7235.jpeg
Жетісу облысында демалыс үйі өртенді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп. «Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы демалыс үйі өртенді», - делінген хабарламада. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттен алты газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарылды. Өрт 75 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
Комментарии