Атыраулық арудың 81 жастағы неміс миллиардеріне тұрмысқа шыққаны айтылды

1642
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_7738.jpeg
27 жастағы атыраулық Алина Кузняткина 81 жастағы неміс миллиардері Хорст-Дитер Эшке тұрмысқа шықты, - деп хабарлайды “Адырна” порталы atyrauoil.official сайтына сілтеме жасап. Ерлі-зайыптылар бірнеше ай бұрын отау құрып, жақында ғана қызды болды. Бұл миллиардердің екінші қызы, біріншісі 1971 жылы Югославиядан келген модельден туған. Белгілі болғандай, кәсіпкердің өзі Германиядан болса да ерлі-зайыптылар қазір Мексикада тұрады және Америка Құрама Штаттарында мүліктері бар. Үйленгеннен кейін Алина бұрынғы достарынан алшақтап, қазір тек күйеуінің айналасындағы адамдармен сөйлеседі. Қыздың ата-анасы жас айырмашылығына қарамастан оның таңдауын қолдады. Ол қазір сәнді сыйлықтарға толы жабық әлемде өмір сүреді, бірақ оған баспасөзде жеке өмірі туралы түсініктеме беруге тыйым салынады. Алинаның ата-анасы киім дүкенінің қожайыны. Отбасының әлеуметтік желідегі фотоларында алтынмен аптап, күміспен қапталған белгілер байқалмайды.
Комментарии