Ақмола облысында өрттен екі бала қаза тапты

1189
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/b5154482-5f4c-4253-993c-1822e5fc7bbd-960x500.jpeg?token=7ed7ede4ed34e8298e81182a1b37a6ff
Ақмола облысында өрттен екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеп.  "Бурабай ауданына қарасты Шұбарағаш ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Өрттің аумағы 3 шаршы метрді құрады. Түтіннен улану салдарынан 2017 және 2021 жылдары туған екі бала қаза тапты. ТЖД-ның шұғыл нөмірлеріне қоңырау түспеген. Өртті куәгерлер сөндірген", – деп мәлімдеді ТЖД. Өрттің себебін анықтау үшін Ақмола облысы ТЖД-ның зерттеу сынақтық өрт зертханасы жұмылдырылды. Бурабай ауданының ТЖ бөлімі ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жария етілмейді, деп атап өтті ТЖД.
Комментарии