Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген адам сотталды

1473
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/2021_06_10_crop-7_5_494x871_c5a191ed31b0951e380af8249b045039_xl-960x500.jpg?token=2c9fd48e49cc835d4ea00648686bbb62

Қызылордада 16 жастағы қызды сексуалдық құлдықта ұстаған жігітке сот үкімі шықты, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы.

Сот мәліметінше, ер адам қыздың кәмелет жасына толмағанын біле тұра жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Сотталушының қылмысы мұнымен бітпейді. Ол алаяқтық жолмен жерді бір мезгілде

бірнеше адамға сатқан. Осылайша жәбірленушілерді облыстың жергілікті атқарушы органдарына жұмысқа орналастыруға, уәде еткен.

Сот оның кәмелет жасына толмаған балалары барын жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды. Нәтижесінде ол 6 жыл 8 айға сотталды.

Комментарии