Астанада «Ұлы бабалар жолы» атты қолөнершілер көрмесі өтті

1885

Әсем туындылар Қазақ хандығы қалыптасқан 550 жылдан бергі тарихи мазмұны ерек, елеулі оқиғалардан сыр шертеді, деп жазады khabar.kz сайты. 

Сондықтан қылқалам шеберлерінің әр қайсысы өз еңбектерін әдеби шығармалардың желісіне сай әзірлеген.  Көрмеде көпшілік назарына 200- дей сурет пен 100 шақты зергерлік бұйым ұсынылды. Солардың басым бөлігі халық суретшісі Әубәкір Ысмайыловтың 70-80 жыл бұрын салынған тарихи-танымдық еңбектері.  Қазақстан Суретшілер одағының негізін қалаған тұлға Қазақ хандығын әйгілеген билер мен сұлтандар бейнесін әзірлеп, келешек ұрпақ үшін мол мұра қалдырған.


 
Пікірлер
Редакция таңдауы