Мексиканың оңтүстігінде сенбі күні таңертең жол апаты орын алып, 41 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Табаско штатының билігі мәлімдеп, құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатқанын айтты.
48 адам отырған автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Апатта 38 жолаушы, екі жүргізуші және жүк көлігінің жүргізушісі қаза тапқан. Автобус Канкун — Табаско маршруты бойынша жүрген. Reuters мәліметінше, автобус толығымен өртеніп, тек металл жақтауы қалған.
Табаско қауіпсіздік қызметінің дереккөздері қазіргі уақытта тек 18 мәйіттің табылғанын айтты. Көптеген мәйіттер әлі танылмағандықтан, іздеу және қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.
Табаско губернаторы Хавьер Мэй Родригес апат Эскарсега маңында болғанын хабарлады. Ол штатының билігі федералдық билікпен және Кампече билігімен бірге барлық қажетті көмек көрсету үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз