9 тіл білетін поляк дипломаты қазақша дәріс оқыды

1250
Adyrna.kz Telegram
Фото: Мемлекеттік басқару академиясы
Фото: Мемлекеттік басқару академиясы

7 ақпан күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  Польша Республикасының Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда "Польшаның Еуропалық Одақ құрамындағы 20 жылдығы" тақырыбында қазақ тілінде дәріс оқыды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дәрістің қазақша өтуі  көпшілікті таңғалдырып, ерекше әсер қалдырды.

Михал Лабенда қазақ тілін еркін меңгерген және бұл оның тілге, мәдениетке деген ерекше құрметін көрсетеді. Дипломаттың пікірінше, тілді білу – сол халықтың мәдениеті мен рухын түсінудің негізгі жолы.

Айта кетейік, Михал Лабенда қазақ тілі мен мәдениетіне кездейсоқ қызықпаған. Ол 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Шығыстану мамандығы бойынша үздік аяқтап, дипломдық жұмысын "Араб тілінен қазақ тіліне бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің аударма үлгілері" тақырыбында қорғаған. Польша дипломаты қазақ тілінен бөлек әзербайжан, ағылшын, араб, неміс, орыс, өзбек және француз тілдерін меңгерген.

Пікірлер