Жаназа асы бизнеске айналды ма?

997
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/02/68b5155d-6dbb-4a15-a7f1-2f29b598e812-960x500.jpeg?token=756296ff6a92fa5adb549e7d6648d65c

Депутат Дәулет Мұқаевтың айтуынша Астанадағы Бас мешіт пен Хазірет Сұлтан мешітінде жаназа асына арналған дастарқан адам басына 20 000 теңгеге дейін жетеді. Минималды баға 7000 теңгеден басталады, бірақ ол кезде етті өзіңіз әкелуіңіз керек.

Бұл жағдай көпшіліктің наразылығын тудырып отыр.

Себебі еліміздің Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында жаназа асы қарапайым ұйымдастырылып, тек 7 түрлі тағамнан аспайды, ал басқа тағамдарды ұсынбайды.

Қазақ дәстүрінде жаназа асы – марқұмға дұға бағыштап, қайғыны бөлісу үшін берілетін ас. Бірақ мешіттерде бағалардың шарықтауы жаназа асының той дастарқанына айналғанын көрсетеді.

Депутаттың айтуынша, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы (ҚМДБ) бұл мәселеге көңіл бөліп, ас беру мәдениетін реттеуі тиіс. Себебі қайғыдан қан жұтып отырған жандарға мұндай бағалар ауыр соққы болуы мүмкін.

"Ерте ме, кеш пе, әр адам бұл өмірден өтеді. Жаназа, ас беру, зират көтеру – кез келген адамның алдынан шығатын діни жоралғылар. Бірақ оларды орындау отбасыға ауыр қаржылық жүк болмауы тиіс" деді Дәулет Мұқаев.

Комментарии