Бұл тұрмыс мерекесі.
Бағзы заманда түркілер (оның алдындағы сақтар, ғұндер) малдың жайымен қыста да киіз үйде өмір сүре берген. Малы да бүрсең қағып, қыстан қысылып шыққан. Тіпті жұтқа да жиі ұшыраған. Осындай жұрт көктем шығысымен арқа-басы кеңіп, табиғат жадыраған кезде көктемді қуаныш қылып тойламағанда, енді нені тойламақ? «Қылышын сүйреткен кәрі құда қыс кетті, енді алдымызда жадыраған жазымыз бар» деп, кеуделерін алабөтен қуаныш кернеген. Олар қуанса, бойымыз жылынады деп қана емес, қыстан аман шыққан арық-тұрақ малымыз көкке ілігіп, семіре бастайды, семіре бастаса, іш тастамай төлді де төгіп береді деп қуанған. Малымыз төлдей бастаса уызға жаримыз деп көңілденетіні өз алдына бір хикая. Сөйтіп, сарқылып біткен кебеже-қаптарының түбін қағып (қаққанда уысына бірдеңе іліксе), қалған-құтқан барын ауыл ортасына құрып қойған тай қазанға салса керек. Қазанның астына от жағып қайнатқанда қою (кейде сұйық) көже пайда болған. Қазанға әркім қолда бар әрқилы дәмін әкеп салған соң, көже де әр ауылда әртүрлі бола берген. Ежелгі түркілер осыған жеткеніне де қуанып, арқа-жарқа боп ішпей ме. Содан кейін бұндай қойыртпақ көже пісіруді олар келесі наурызға дейін ұмыта тұрған. Қазанға жеті дәм салды ма, сегіз дәм салды ма, әлде тоғыз дәм салған шығар, о заманда кім санапты? Санамаған, табылғанды қамдай берген. Кейін тілеу көже жасауды әдетке, дәстүрге айналдыра келе киелі сандарды қатыстырып, пәлсапа соғатындар пайда болса керек. Онысы жөн де шығар. Жүдеген халықты солай да жұбатып, алдағы күнге үміттендіріп, әңгіме шығару қажет қой. Осы күнгі «ҰлыНовости по теме
Нұрлыбек Саматұлы