Армения Еуропа Одағына қосылу әрекетін бастады

560
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/03/img_1125-960x500.jpeg?token=b031406a129a3ab919d58f3310343ff1
26 наурызда Армения Ұлттық ассамблеясы «Армения Республикасының Еуропа Одағына мүшелік процесінің басталуы туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы armenpress- ке сілтеме жасап. Заң жобасына 64 депутат қолдап, 7 депутат қарсы дауыс берді. Құжатта Арменияның демократиялық институттарды дамытуға, қоғам әл-ауқатын жақсартуға, елдің қауіпсіздігін, тұрақтылығын және заң үстемдігін нығайтуға ұмтылатыны және ЕО-ға қосылу процесін ресми түрде бастағаны жарияланған. Заң жобасын ұлттық жиналысқа «Еуродауыс» азаматтық бастамасы ұсынды. Бастама 50 000 қолдың орнына 60 000 қол жинаған. 2025 жылдың 9 қаңтарында құжат Армения үкіметінде мақұлданып, кейін ұлттық жиналысқа жіберілді. 12 ақпанда ол бірінші оқылымда, 26 наурызда екінші оқылымда қабылданды. Оппозициялық «Айастан» фракциясы дауыс беруге қатыспаса, «Ар-намысым бар» фракциясы заң жобасына қарсы дауыс берді. Осылайша, Арменияның Еуропа Одағына мүшелікке өту процесі ресми түрде басталды.
Комментарии