Құмар ойын – адам психологиясына қатты әсер ететін тәуелділіктің бір түрі. Бұл мәселе тек ойынқұмар адамның өміріне ғана емес, оның отбасына, жақындарына, тіпті бүкіл қоғамға зиянын тигізеді. Қазақстанда соңғы жылдары лудоманияның кең таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Оған қарсы күресу үшін мемлекет түрлі шаралар қабылдап жатса да, әлі де шешімін таппаған мәселелер көп. Құмар ойындардың зияны қандай? Лудомания – адамды үнемі бәс тігуге итермелейтін психологиялық тәуелділік. Оның ең негізгі зиянды салдары мыналар: Қаржылық мәселелер. Ойынқұмар адамдар ақшасын құртып, үлкен қарызға батады, кейде мүлкінен де айырылып жатады. Отбасылық қиындықтар. Құмар ойынға берілгендер отбасына көңіл бөлмейді, сенімнен айырылады, нәтижесінде ажырасу жағдайлары жиілейді. Қылмыс пен заңсыз әрекеттер. Ақша табу үшін алаяқтық, ұрлық немесе басқа да заңсыз әрекеттерге бару жағдайлары кездеседі. Психологиялық және денсаулық мәселелері. Лудомандар жиі күйзеліске түседі, депрессияға ұшырайды, кейбірі тіпті суицидке дейін барады. Елімізде 2007 жылы қабылданған “Ойын бизнесі туралы” заңға сәйкес, казинолар мен ойын автоматтары тек Қапшағай мен Бурабайда ғана жұмыс істей алады. Бірақ бұл мәселені түбегейлі шеше алмады. Себебі онлайн казинолар мен букмекерлік кеңселер лудоманияның жаңа түрін қалыптастырды. Қазіргі заң бойынша: онлайн казино қызметіне тыйым салынған, бірақ қазақстандықтар шетелдік платформаларға әлі де кіре алады. Букмекерлік кеңселерге лицензия беріледі, бірақ олардың
Бердібек Рауан Ерланұлы