Үндістанның солтүстігінде 21 әуежай жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл шешімге Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстың күшеюі себеп болған.
«130-дан астам рейс тоқтатылды. Шиеленістің күшеюі аясында екі ел де өздерінің әуе кеңістігін жауып тастады. Ішкі әуе қатынасы да бұзылды»,—деп жазды шетелдік БАҚ.
Әуе тасымалдаушы компаниялар жолаушыларға билетті тегін ауыстыруға немесе құнын толық қайтарып беруге әзір.
Айта кетейік, қазіргі таңда екі ел арасындағы жағдай ушығып барады. Үндістанның Кашмирге жасаған зымырандық шабуылынан 31 адам қаза тауып, 57-і жараланды. Пәкістан да көрші елге оқ жаудырып, 15 тұрғын мерт болды.