Алматыда 19 жастағы жүргізуші жол апатына түсті

1157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_1110-960x500.jpeg?token=2f075e1633b55384f551211fe98c6eda
Алматыда Honda көлігін тізгіндеген 19 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі белгіге соғылды. Жол апаты бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz- ке сілтеп. Бейнежазбада көліктің оң жақ шеткі жолақта келе жатып, алдындағы көлікті басып озуға тырысқаны көрінеді. Маневр жасау кезінде жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жолдан тайып, белгі бағанасына соғылған. Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Медеу ауданында түнгі сағат 22:30 шамасында болған. “Жүргізуші көлігімен шығыс айналма жолының бойымен солтүстік бағытта келе жатқан. Ол рөлге ие бола алмай, бордюр тасы мен арық жүйесіне соқтығысты. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көлікке механикалық зақым келді. Автокөлік арнайы айыптұрағына қойылды. Қазір Медеу аудандық полиция басқармасы бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр”, — делінген полиция хабарламасында. Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында Самара — Шымкент тас жолында жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соқтығысып, автобус жүргізушісі қаза тапқан болатын.
Комментарии