Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында атыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Alash.KZ- ке сілтеп.
Оқиға 8 мамыр күні болған. Әлеуметтік желілерде жарияланған деректерді Алматы облыстық полиция департаменті растады. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
“Қабылданған шаралардың нәтижесінде атысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Төрт күдікті ауруханаға жатқызылып, күзетпен қамтылды. Тағы бір күдікті уақытша ұстау
изоляторына қамауға алынды”, — деп мәлімдеді ведомстводан.
Сондай-ақ, полиция тергеу аясында жедел-іздестіру шараларын жалғастырып жатқанын хабарлады.
“Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған шаралар қолға алынды. Барлық кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады.
Аталған оқиғаның үйлену тойында болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейді, — делінген полиция таратқан ресми хабарламада.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз