Ақтаудағы апат. Әзербайжан әлі күнге Ресейден тергеу нәтижесін күтіп отыр

1321
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/036a993a-03a9-476b-b533-e6e3001dbab6-960x500.jpeg?token=1137d1304f2fbc6a43928d3ef4f4a479

Әзербайжан Ақтау қаласында апатқа ұшыраған «AZAL» әуе компаниясына тиесілі ұшаққа қатысты Мәскеудегі тергеудің аяқталуын күтуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы журналистерге Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, ресейлік тараппен байланыс үздіксіз жалғасып жатыр.

«AZAL ұшағының атып түсірілуі мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Біз бұл мәселені Ресеймен барлық кездесулерде көтеріп отырмыз. Ресей тарапының түсіндіруі бойынша, қазіргі уақытта ел ішінде тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Олар тергеу аяқталғаннан кейін толық мәлімет беретінін айтты. Біз, әрине, бұл тергеудің қысқа мерзімде аяқталуын күтіп отырмыз», – деді Байрамов.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда Әзербайжанның «AZAL» әуе компаниясына тиесілі Embraer 190-100 IGW жолаушылар ұшағы Бакуден Грозныйға бағыт алған рейс кезінде Қазақстан Республикасы аумағында, Ақтау әуежайы маңында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған 67 адамның 38-і қаза тауып, 29-ы аман қалды. Алдын ала деректер бойынша, ұшақ Ресейдің әуе кеңістігінде физикалық және техникалық тұрғыда сырттан әсер ету салдарынан құлаған.

Айта кетейік, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған Мәскеудегі салтанатты іс-шараларға қатыспады. Ол қатыспау себебін әкесі Гейдар Әлиевке арналған ішкі іс-шараларға қатысуы қажет екендігімен түсіндірген.

Комментарии