Үндістан Пәкістанға қайтадан су жібере бастады

1181
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/snimok-ekrana-153-960x500.png?token=1822fd905d580df3fe671c8aaa9d803b
Үндістан Пәкістанға су беруді қайта бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы AniNews-ке сілтеме жасап. Бұл Пәкістанмен арадағы атысты тоқтату туралы келісім аясында жүзеге асырылуда. Басылым Ченаб өзеніндегі Салал су қоймасынан түсірілген кадрларды жариялады. Кадрлардан 11 мамырда су қоймасының бірнеше шлюзі ашылғаны байқалады. Үндістан Пәкістанмен шекарадағы су қойма арқылы су жіберуді 4 мамырда тоқтатқан болатын. Осыдан кейін Ченаб өзеніндегі су деңгейі күрт төмендеген. Бұған дейін Нью-Дели Исламабадпен екі елге ортақ Инд өзен жүйесін пайдалану туралы келісімді бұзған еді.  
Комментарии