Үндістан Пәкістанға су беруді қайта бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы AniNews-ке сілтеме жасап.
Бұл Пәкістанмен арадағы атысты тоқтату туралы келісім аясында жүзеге асырылуда.
Басылым Ченаб өзеніндегі Салал су қоймасынан түсірілген кадрларды жариялады. Кадрлардан 11 мамырда су қоймасының бірнеше шлюзі ашылғаны байқалады.
Үндістан Пәкістанмен шекарадағы су қойма арқылы су жіберуді 4 мамырда тоқтатқан болатын. Осыдан кейін Ченаб өзеніндегі су деңгейі күрт төмендеген.
Бұған дейін Нью-Дели Исламабадпен екі елге ортақ Инд өзен жүйесін пайдалану туралы келісімді бұзған еді.
Басқа материалдар
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз