Түркістандық оқушы әлемнің 86 университетінен шақырту алды

1344
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-15-at-18.49.04-960x500.jpeg?token=114c1451f3800e761d9dc735324effa4
Түркістан облысы Арыс қаласының 11-сынып оқушысы Айсұлтан Алтынбек әлемнің 86 жоғары оқу орнынан шақырту алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оқушыны АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Малайзия және Испания елдерінің беделді университеттері студенті ретінде көргісі келеді. Айсұлтан шетелде білім алуды көптен армандаған. Сол мақсатта бар бос уақытын оқу мен өзін-өзі дамытуға арнап, мол табысқа қол жеткізген. Оның айтуынша, ең көп ұсыныс АҚШ университеттерінен келіп түскен. Қазір ол ұсыныстарды мұқият саралап, шешім қабылдауға дайындалып жатыр. Италия мен Малайзия университеттері де негізгі үміткерлер қатарында. Айсұлтанға берілген білім гранттары тек оқу ақысын ғана емес, сонымен қатар тұру, тамақтану және электронды құрылғыларды пайдалануға кететін шығындарды да қамтиды. Үш тілді — ағылшын, түрік және неміс тілін еркін меңгерген Айсұлтан болашақта IT саласында жұмыс істеуді көздейді. Оның арманы — компьютерлік ойындар әзірлеу және қазақстандық жастарға шетелдік университеттерге түсу мүмкіндіктерін бағалауға көмектесетін арнайы сайт жасау.
«Бұл сайт арқылы оқушылар дайындық деңгейін тексеріп, нақты талаптарға қаншалықты сай келетінін біле алады. Көптеген университеттер іріктеу сынақтары үшін ақы алады. Менің жобам жастарды артық шығыннан құтқаруға көмектеседі», – дейді Айсултан.
Айсұлтан оқитын мектептің тағы тоғыз оқушысы да шетелдік оқу орындарынан шақырту алған. Мектеп басшылығы бұл жетістіктерді оқушылардың талпынысы мен қосымша білім беру үйірмелерінің нәтижесі деп бағалайды.
«Біз әр оқушыға жеке жоспар құрып, сынып жетекшілерімен бірлесе жұмыс істейміз. Сабақтан кейін өткізілетін қосымша сабақтар оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі», – дейді мектеп директорының орынбасары Есжан Омарханов.
Комментарии