Шымкент қаласындағы Shymkent City саябағында орналасқан музыкалық фонтан толық жаңартылып, енді ол тек эстетикалық сұлулық емес, нағыз көркемдік инсталляцияға айналды. Енді бұл нысан қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер қалдыратын су, жарық және музыка үйлесімін ұсынады.
Фонтан кешені озық технологиямен жабдықталған:
-
180 басқару арнасы,
-
жиілікті түрлендіргішпен басқарылатын сорғылар,
-
роботтандырылған бүріккіштер,
-
су бағанының биіктігі 3-тен 25 метрге дейін көтеріледі.
Фонтанның жеті түрлі контуры синхронды жұмыс істеп, түрлі-түсті жарықдиодты шамдармен, күрделі қозғалыс динамикасымен көркем хореографияны жүзеге асырады. Музыкамен үйлескен бұл көрініс көрермендерге ерекше әсер сыйлайды.
Фонтан шоуы әр кеш сайын мына уақыттарда өтеді:
20:00, 21:00, 22:00, 23:00, 00:00, 01:00
Шоу ұзақтығы — 10–15 минут.
Жаңартылған фонтан көрермендерге тек визуалды әсер ғана емес, Шымкент пен Қазақстанның көркем табиғаты мен тарихынан сыр шертетін видеоконтентпен де таныстырады.