Мәжіліс депутаты «Самұрық-Қазына» қорын тарату туралы ұсыныс жасады

1145
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/2d4dedec-3fc2-4df5-a070-5da18da9dee3-960x500.jpeg?token=3ef82f517c944f0fdcefc465e47a69f4

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов «Самұрық-Қазына» қорын тарату туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ол ұлттық холдингтің ашық еместігін және активтердің «ешқашан бизнеспен айналыспаған, бірақ байыған» адамдардың қолында шоғырланғанын айтып айыптады.

"Біз барлық байлығымызды ұрлауға ыңғайлы болсын дегендей бір қолға беріп қойыппыз. Менің ойымша, қорды таратып, оның активтерін бәсекелестік бар ортаға беру керек" - деді мәжіліс депутаты.

Оның сөзіне жауап ретінде Жоғарғы есеп палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов қордың қызметіне аудит жүргізіліп жатқанын және ол ағымдағы жылдың шілде айында аяқталатынын хабарлады.

"Бұл мәселе бізді де өте қатты алаңдатады. Уақытты  ескере отырып, «Самұрық-Қазына» қызметіне аудит жүргізуді бастадық"- деді ол.

Ұлттық қордың тиімділігі мен ашықтығы туралы мәселелер бұған дейін де әртүрлі деңгейлерде көтерілген, алайда тарату туралы ұсыныстар парламент трибунасынан алғаш рет айтылуда.

Комментарии