Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер әкелінді

856
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/b2706aba-3aa8-42a8-82b3-2fcdb421ec80-960x500.jpeg?token=3eafd258e9bc9579c150150ffd0c3c0f

Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты компьютер жеткізілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның өнімділігі шамамен екі экзафлопсқа тең. Бір экзафлопс – бұл компьютер секундына квинтиллион (18 нөлі бар сан) операция орындай алады деген сөз.

"Бұл Орталық Азия өңіріндегі алғашқы суперкомпьютерлік кластер. Ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арналған ең жаңа NVIDIA H200 графикалық чиптері негізінде құрастырылған" - деп атап өтті министрлік.

Министрліктің мәліметінше, бұл – Орталық Азия тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер. Ол Цифрлық даму министрлігінің жаңа деректер орталығында орналасады.

Суперкомпьютердің қуатын жасанды интеллект саласындағы стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар және бизнестегі ІТ-компаниялар пайдалана алады.

Бұл жобаның аясында Қазақстан алғаш рет жоғары технологиялық жабдықты кедендік салық пен ҚҚС-тан босату механизмін қолданды.

Суперкомпьютерді нақты қай компания жеткізгені айтылмаған. Алайда бұған дейін Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бин Мұхаммед бин Зайд Әл Нахайянның Қазақстанға сапары кезінде Астанада Presight (G42) компаниясының кеңсесі ашылып, суперкомпьютерлік кластер құру жөнінде келісімге қол қойылған болатын.

Комментарии