Ұлттық құрылтай құрамына өзгеріс енгізілді

1070
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_9297-960x500.jpeg?token=b7b41ef9db99ed626611cb299ad6c211
Ұлттық құрылтай құрамында ротация болды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ұлттық құрылтайдың жұмысына қоғам өкілдері – Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Имамзада Шағыртаев, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақыт Бексейітова және математик, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Дұрвудхан Сұраған тартылды. Сондай-ақ ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Лев Тараков (қайтыс болуына байланысты), Бауыржан Қаниев, Қылышбай Бисенов, Айгүл Орынбек, Серік Сәдvақасов және Мақсат Жабағин шығарылды. Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында халықтың сенімін арқалап жүрудің үлкен жауапкершілік екенін жеткізді. «Иә, иығымнан ауыр жүк түсті! Халықтың сенімін арқалап жүру — құр сөз емес, бұл — үлкен жауапкершілік. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Сол кезде мені қоғамда азаматтық ұстанымын ашық айтып жүрген белсенді қайраткер ретінде кеңес құрамына шақырды. Жай отырған жоқпын. Үнсіз қалған жоқпын. Ауыл-аймақтың шынайы мәселелерін ашық айтып, өңірлердегі түйткілді түйіндерді тік көтердім. Бірқатар ұсыныстарым мемлекет басшысының тарапынан қолдау тапты. Бұл — мен үшін ғана емес, ел үшін жасалған игі іс болды»,—деді ол.
Комментарии