Әйеліне жүйелі түрде қол жұмсап келген экс-дипломаттың ісі сотқа түсті

1098
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/samat-mamash-960x500.jpeg?token=824618f6a2898213795d2fb5af9e609c

Бұрынғы жұбайы Карина Мамашты ұрып-соққан экс-дипломат Сәкен Мамаштың ісі Астананың ауданаралық қылмыстық сотына түсті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала сот тыңдауы 29 мамырда өтеді.

«Аталған іс Астана қаласының ауданаралық қылмыстық сотына түсті. Сот отырысы 29 мамыр күні сағат 10:00-де өтеді»,—делінген хабарламада. 

Ал Сәкен Мамашты сотқа дейінгі тұтқындау уақыты 7 маусымға дейін ұзартылды.

Айта кетейік, сотқа дейінгі тергеуді Астананың Есіл ауданы полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 110-бабы (қинау) бойынша жүргізген болатын.

2024 жылдың мамырында Карина Мамаш «Не молчи» қоғамдық қорының әлеуметтік парақшасында үндеу жариялап, Сыртқы істер министрлігінде дипломат болып қызмет ететін күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін мәлімдеген еді.

Комментарии