АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Конгресс өкілдер палатасының сыртқы істер комитетінде өткен тыңдаулар кезінде Ресей президенті Владимир Путинді «әскери қылмыскер» деп атаудан тайқып шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сенаттағы тыңдауларда мемлекеттік департамент шығындарын қысқарту, президент Дональд Трамптың шетелдік әріптестерімен қарым-қатынасы және Вашингтонның Украинадағы қақтығысты реттеуге қатысуы туралы мәселелер көтерілді.
Тыңдаудың екінші сағатында сенатор Билл Китинг Рубиодан «Ресей президентін «әскери қылмыскер» деп санайсыз ба?» деп сұрады.
«Болған оқиғаларға қарап, оларды әскери қылмыс деп сипаттауға болады, бірақ біздің ниетіміз – соғысты аяқтау. Десе де, оны Путинмен сөйлеспей аяқтай алмаймыз»,— деді АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.
Жауаптан кейін Китинг Рубионың сұрақтан жалтарып, оның уақытын алып жатқанын мәлімдеді.
Еске салайық, 2022 жылы Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс басталған кезде Марко Рубио Флорида штатынан сайланған сенатор әрі сенаттың барлау жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары болған еді. Ол АҚШ Украинаны қолдауға міндетті екенін айтып, Владимир Путинді «әскери қылмыскер» деп атаған. Ресей президентіне қатысты бұндай мәлімдемелерді АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден де жасаған.