14 адам құтқарылды. Қарағандыда 8 қабатта алапат өрт болды

963
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/08b92842-fd72-482f-b75e-3c5ee339716f-960x500.jpeg?token=d7635435ad5a48bad044818a7e1beab1
Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің 8 қабатында алапат өрт болып, 14 адам құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”. Мәлімет бойынша, өрт Қарағанды қаласында Қазыбек би атындағы ауданның С.Мұқанов көшесінде болған. От 8 қабаттағы пәтердің балконынан тұтанған. Келген өрт сөндіру бөлімшелері 14 адамды, оның ішінде 2 баланы түтін толған кіреберістен баспалдақ маршымен жедел эвакуациялады. «Өрт таралуына жол берілмей сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген министрлік хабарламасында.
Комментарии