Қарағанды қаласында көпқабатты үйдің 8 қабатында алапат өрт болып, 14 адам құтқарылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.
Мәлімет бойынша, өрт Қарағанды қаласында Қазыбек би атындағы ауданның С.Мұқанов көшесінде болған. От 8 қабаттағы пәтердің балконынан тұтанған.
Келген өрт сөндіру бөлімшелері 14 адамды, оның ішінде 2 баланы түтін толған кіреберістен баспалдақ маршымен жедел эвакуациялады.
«Өрт таралуына жол берілмей сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген министрлік хабарламасында.
Related news
"I will stop the Nazarbayev clan": Hasen Kozhakhmet announced that he wanted to become the President of the Republic of Kazakhstan
