Алматыда мектеп түлектерінің кортежі жолды жауып тастады

1020
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_2091-960x500.jpeg?token=f83fd816852541214802be1e1a539364
Алматы облысында мектеп түлектері жол ережесін өрескел бұзды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Алматы облысында мектеп бітірушілер мінген бірнеше көлік “Үлкен Алматы айналма жолында” (БАКАД) жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қозғалысты тоқтатуға дейін барған. Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда көліктер колоннамен жүріп, басқа көліктерге кедергі келтіріп, қозғалыс жолағын жауып тастағаны көрінеді. Сонымен қатар кей жасөспірімдер көліктің терезелерінен сыртқа шығып алған. Кейбір көліктерде мемлекеттік нөмірлер де болмаған. Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік беріп, барлық ереже бұзғандар анықталып, жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді. “Жол қозғалысы ережелерінің 17 бұзушылығы бойынша – қауіпсіздік белдігін тақпаудан бастап, апатты жағдай туғызуға дейінгі материалдар сотқа жолданды. Барлық көлік арнайы тұраққа қойылды”, – делінген полицияның ресми хабарламасында.
Комментарии