“Өз-өзін жарнамалау”. Қызылорданың экс-әкімі сынға ұшырады

1377
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-38-960x500.jpeg?token=85c4d6ce9662e3a85419fa2d1f719b10
Қызылордалық ардагерлер Қырымбек Көшербаевты өз-өзін жарнамалады деп айыптады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп “Ардагерлер дауысы” қоғамдық бірлестігі Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров пен қазіргі облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа ресми хат жолдап, Альсейт және Сырдария көпірлеріне орнатылған мәрмәр тақталардың заңдылығын тексеруді сұрады. Бұл тақталарда аталмыш нысандардың “Қырымбек Көшербаевтың басшылығымен салынғаны” жазылған. Ардагерлер бұл әрекетті мемлекеттік қызметкердің этикасына қайшы деп бағалап, оны ашық түрде өз-өзін жарнамалау деп атады. Олар сондай-ақ миллиардтаған теңгеге салынған, бірақ аяқталмай қалған ұзақ мерзімді құрылыс нысандарына да осындай тақтайшаларды қоюды ұсынды. Ветерандардың мәлімдемесінен: “Мемлекеттік ғимараттарға ескерткіш тақта орнатуға қатысты аудан немесе облыс деңгейінде арнайы шешім бар ма? Бұрын-соңды мұндай жағдайды көрмеген едік. Мемлекеттік қаржыға салынған нысандарға әкімдердің өз есімін жазуы заңға қайшы емес пе? Егер олар жеке қаражаттарына салса, түсінеміз. Ал бұл – әкімнің тікелей міндеті. Мұндай әрекет мемлекеттік қызметкердің этикалық деңгейіне көлеңке түсіреді және бұл сөзсіз өзін-өзі жарнамалау ретінде қабылданады”, – делінген хатта. Еске сала кетейік, Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысын 2013 жылдан 2019 жылға дейін басқарған.
Комментарии