Жұбайынан шапалақ жеген Макрон мәлімдеме жасады

1329
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-47-960x500.jpeg?token=3245fc0c51e23489e90853a1535b7bb6

Әлеуметтік желілерде Франция президенті Эммануэль Макронның президенттік ұшақ бортында жұбайынан шапалақ жеген бейнежазбасы тарады. Мемлекет басшысы бұл жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Біз жай қалжыңдасып тұрдық. Әйеліммен осылай әзілдесемін. Бұл жағдай ғаламдық мәселеге айнала жаздады», – деді ол.

Еске салайық, алғашында президент әкімшілігі видеоны жалған деп жоққа шығаруға тырысты. Олар кадрлар жасанды интеллект көмегімен жасалған болуы мүмкін деп болжаған. Алайда кейін өз ұстанымдарын өзгертті.

«Бұл – президент пен оның жұбайының сапар басталар алдында аздап әзілдескен сәті болды», – деді Макронның жақын досы.

Комментарии