НЗМ-нен шығарылған оқушы жекеменшік мектепке ауыстырылады. Оқу ақысын мектеп өтейді

1163
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/d280c293-05dd-47f0-ac04-359439e0f56c-960x500.jpeg?token=09db400f78bf8b9194a7f4e449dd80bc
Назарбаев зияткерлік мектебіне оқу жылының бітіуіне бір күн қалғанда мұғалімді балағаттағаны үшін оқудан шығарылған 11-сынып оқушысы 12 жылдық білім беретін жекеменшік мектепке ауыстырылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Бұл туралы оқушының адвокаты мәлімдеді. Адвокат Нұржан Мақсатовтың айтуынша, мектеп басшылығы мен оқушының отбасы келісімге келген. "Уәкілетті органдардың өкілдері келіп,  оқушыны басқа мектепке ауыстыру туралы ұсыныс жасады. Сот болмайды", - деді адвокат. Адвокаттың айтуынша, бұл шешім баланың психологиялық жағдайын ескере отырып қабылданған. Енді оқушы 12 жылдық білім беретін жекеменшік мектепке ауыстырылады. Ал Оның оқу ақысын НЗМ өтейтін болады. Алайда оқушы Кембридж кеңесінің халықаралық емтиханына қатыса алмайды. Адвокаттың айтуынша, тараптар өзара ымыраға келген. Мектеп тарапынан оқушы мен ата-анасына ешқандай шағым жоқ, оқушының отбасы да мектепке талап қоймайды. Жағдайға қатысты Алматы қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерлан да пікір білдірді "НЗМ-де оқу 12 жылдық жүйе бойынша жүргізілетіндіктен және баланың сыныбы бітіруші сынып болмағандықтан, мектеп әкімшілігі баланың мүддесін ескере отырып, оны мемлекеттік мектепке немесе оқу ақысын өтеу шартымен жекеменшік мектепке ауыстыруды ұсынды. Қалыптасқан жағдайға байланысты психологиялық көмек пен қолдау ұйымдастырылды", - деп жазды Диана Ерлан әлеуметтік желідегі парақшасында. Бұған дейін, НЗМ-нен шығарылған жасөспірімнің ауруханаға түскені туралы жазған едік.
Комментарии