Ақтөбеде жыл басынан бері 242 шағын және орта бизнес жобасы мемлекеттік қолдау алды

919
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/whatsapp-image-2025-05-28-at-17.25.18-960x500.jpeg?token=d97233ed2da267a356ade44d26876541
2025 жылдың басынан бері Ақтөбе облысында шағын және орта кәсіпкерліктің 242 жобасы мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұл тек сандар ғана емес — әрбір жобаның артында шынайы адамдар, бастамалар мен жұмыс орындары және өңір экономикасының дамуына қосқан үлесі тұр. Кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, 2010 жылдан бастап жүзеге асырылып келе жатқан «Бизнес жол картасы» бағдарламасы аясында өңірде 12 мыңнан астам бизнес-бастамаға қолдау көрсетілген. Алғашқы жылдары ондаған кәсіпкер көмек алса, 2022 жылы бұл көрсеткіш 4549 жобаға жетті. Нәтижесінде 11 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылып, өндірілген өнім көлемі 3,5 триллион теңгеге жеткен. Мемлекетке түскен салық көлемі 2 миллиард теңгеден асты. Мысал ретінде, актөбелік Әлия Иманғалиеваны айтуға болады. Ол өткен жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы «Автокомп» ЖШС-нің есік пен алюминий терезелерді бояу цехын ашты. Бүгінде оның өндірісі 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қызметкерлердің орташа жалақысы — 300 мың теңге. «Егер осындай бағдарлама болмаса, менің бизнесім, бәлкім, тек қағаз жүзіндегі идея болып қалар ма еді. Қазір бізде тапсырыс бар, тұрақты ұжым бар және болашаққа деген сенім бар. Ең бастысы — бастауға қорықпау керек», — дейді цех иесі. Бағдарлама әлі де іске асырылуда. Бұдан бөлек, Хромтау моноқаласындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналған өңірлік бағдарлама да жалғасуда. Қаржыландыру облыстық бюджет пен серіктестер — «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «ТҰК Қазхром» АҚ есебінен жүргізілуде.
Комментарии