Әзербайжан Тәуелсіздік күнін азат етілген Лашын жерінде атап өтті

982
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/1764895257_660_116_2950_1404_1920x0_80_0_0_3091cf9047da40d3ed28ff04ed35fd2c-960x500.jpg?token=cb113e7ddc089f148d4b511671441676

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Лашын қаласында Тәуелсіздік күніне арналған концерт алдында сөйлеген сөзінде Түркия мен Пәкістанға Отан соғысы (Таулы Қарабақ республикасынан азат ету) кезінде көрсеткен саяси және моральдық қолдауы үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы АЗӘРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

"Біз бұл өңірде, Лашын қаласында бірге болуымыз символдық мәнге ие. Бұл қала 30 жыл бойы оккупацияда болды. 44 күнге созылған Отан соғысында бізге Түркия мен Пәкістан қолдау көрсетті. Бұл қолдау бізге рух беріп, күш қосты. Біз әрдайым бауырлас елдердің басшыларына және халықтарына бұл саяси әрі моральдық қолдауы үшін ризамыз", - деді Әлиев.

Мемлекет басшысы сөзінде осыдан 107 жыл бұрын мұсылман әлеміндегі алғашқы демократиялық республика – Әзербайжан Демократиялық Республикасы құрылғанын атап өтті.

Президенттің айтуынша, бұл республика ұзақ өмір сүрмеді. 1920 жылдың сәуірінде елдің тәуелсіздігі жойылды. Ал бірнеше айдан кейін Батыс Зәңгезур Әзербайжаннан бөлініп, Арменияға қосылған.

"Бұл үлкен әділетсіздік болды. Әзербайжан халқы тарих бойы осындай әділетсіздіктерге ұшырап келді", - деді Ильхам Әлиев.

Комментарии