Алматы қаласының метросында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 14 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болады. Бұл туралы "Алматы қаласы метрополитені" КМК мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Балалар метрополитен қызметін 1
маусым күні тәуліктің барлық уақытында – метрополитен ашылған сәттен бастап жабылғанға дейін – тегін пайдалана алады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы метросында турникеттерді жаңғырту жұмыстары басталғаны хабарланған еді.
Другие материалы
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз