Алматы қаласының метросында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 14 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болады. Бұл туралы "Алматы қаласы метрополитені" КМК мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Балалар метрополитен қызметін 1 маусым күні тәуліктің барлық уақытында – метрополитен ашылған сәттен бастап жабылғанға дейін – тегін пайдалана алады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы метросында турникеттерді жаңғырту жұмыстары басталғаны хабарланған еді.
Ұқсас жаңалықтар
"Сіз секілділерді педагогикаға зеңбірек оғы жететін жерге жақындатпау керек!" - деген едім директорыма... Ондайлар білім саласында әлі өріп жүр...