Алғашқы сапар. Түркіменстан президенті Моңғолияға барды

935
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/683c4a3363703-960x500.jpeg?token=61a419c05bbff7aef196b709deae4f1f

1 маусымда Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен елге алғашқы мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Буянт-Ухаа» халықаралық әуежайында Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен келген делегацияны Моңғолияның сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг, Түрікменстандағы Моңғолияның төтенше және өкілетті елшісі Д.Баярхуу, Моңғолиядағы Түрікменстанның төтенше және өкілетті елшісі П.Дурдыев және басқа да ресми тұлғалар салтанатты түрде қарсы алды.

Түрікменстан президентінің Моңғолияға алғашқы мемлекеттік сапары аясында екі ел арасында үкіметаралық және ұйымаралық құжаттарға қол қойылады. Бұл құжаттар екіжақты қарым-қатынастың құқықтық негізін нығайтып, сауда, жеңіл өнеркәсіп, ғылым, білім, мәдениет және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады.

Сапар барысында моңғол-түрікмен бизнес-форумы, түрікмен қолөнері мен кілемдерінің көрмесі, сондай-ақ бірлескен сауда-мәдени іс-шара ұйымдастырылады.

Комментарии