Falcon 9 зымыраны алып радиоспутникті орбитаға шығарды

766
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/image-48-960x500.jpg?token=d607c4eafc3986e355ed8645166d239a

7 маусым күні АҚШ-тың Канаверал мүйісіндегі SLC-40 ғарыш айлағынан SpaceX компаниясының Falcon 9 Block 5 зымыран тасығышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл - Falcon 9 зымыранының 486-шы ұшырылымы.

Зымыран SiriusXM компаниясы үшін салмағы 6400 кг болатын SXM-10 геостационарлық радиоспутнигін орбитаға жеткізді. Бұл спутник Солтүстік Америка тұрғындарына музыка, подкаст және басқа да аудиоқызметтерді ұсынуға арналған.

Ұшырылымда зымыранның бірінші сатысы сегізінші рет қолданылып, Атлант мұхитындағы арнайы платформаға аман-есен қонды. SXM-10 спутнигін америкалық Maxar компаниясы жасап шығарған. Ол SiriusXM орбиталық тобының үшінші буынына жатады және сигнал сапасын жақсартады.

Комментарии