Тікелей эфирдегі жарақат. Лос-Анджелестегі наразылықта тілшіге оқ тиді

715
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/06/6f2dc369-1f11-444b-9649-52cca3a1d296-960x500.jpeg?token=b45582f96658e0a7e5c1ead641fc5d41

9 маусым күні Лос-Анджелесте өтіп жатқан жаппай наразылық шараларын түсіру кезінде австралиялық 9News телеарнасының тілшісі Лорен Томаси жарақат алды. Бұл туралы телеарнаның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна”.

Оқиға тілші тікелей эфирде репортаж жүргізіп жатқан сәтте орын алған. Көше ортасындағы түсірілім кезінде оның сол аяғына тізеден төмен жерге резеңке оқ тиген. Оқты наразылықты бақылап тұрған америкалық полиция қызметкерлерінің бірі атқан.

Телеарна мәліметіне сәйкес, тілші қақтығыстардың қызған ортасында қалып қойған. Зардап шеккеннен кейін ол дереу медициналық

көмекке жүгінді. Журналистің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл оқиға АҚШ-та үшінші күн қатарынан жалғасып жатқан жаппай наразылық шаралары кезінде тіркелді. Наразылықтар заңсыз мигранттарды анықтауға арналған полиция рейдінен кейін басталған болатын. Рейд барысында 45 адам ұсталды.

7 маусымда АҚШ президенті Дональд Трамп тәртіпсіздіктердің алдын алу мақсатында Калифорния штатына ұлттық гвардия күштерін жіберу туралы бұйрық берген. Бұл шешімді 22 штаттың губернаторы билікті асыра пайдалану ретінде бағалап, сынға алды.

Комментарии