Air India әуе компаниясының рейсіне 10 минутқа кешіккен жолаушы Бхуми Чаухан оқиғаны “нағыз қорқынышты жағдай” деп сипаттады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бхуми Чаухан Air India-ның Лондон бағытындағы рейсіне үлгермей қалған. Кейіннен ұшақта орын алған оқиға жайлы білгенде, ол бұл жағдайдың өз өміріне ықпал еткенін айтты.
“Мен әуежайға уақытылы жеттім, бірақ тіркеу жабылып қалғандықтан рейске кіре алмадым. Басында өте өкініп, ашуландым. Бірақ кейін бұл оқиғаны
естігенде денем тітіркеніп кетті. Бұл – менің өмірімді құтқарған 10 минут”, – деді Бхуми.
Оқиғаның мән-жайы әлі де тергеліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақта техникалық ақау немесе басқа да қауіп туындаған болуы мүмкін. Әуе компаниясы тарапынан әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Айта кетейік, Үндістанда ұшақ апатқа ұшырап, 242 адам қаза тапты. Тек бір адам тірі қалған.
Новости по теме